Бұл туралы ABC телеарнасы хабарлады.
Жаңа шектеулер 2027 жылы күшіне енеді. Олар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап 2-сыныпқа дейінгі оқушыларға қатысты қолданылады.
Ал 3–6-сынып оқушылары үшін аптасына бір күнді экрансыз өткізу тәжірибесі енгізіледі. Бұл бастама алты ай бойы штат аумағындағы 10 мектепте сынақтан өткізіледі. Мүгедектігі бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін бұл талаптан тыс ерекшеліктер қарастырылған, деп хабарлады report.az.
Билік өкілдерінің айтуынша, жаңа шаралардың негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың қолжазба дағдыларын дамыту. Осыған байланысты 3 және 4-сынып оқушыларына арналған арнайы көркем жазу оқу бағдарламасы енгізіледі.
Сонымен қатар мектептер оқушылардың өз құрылғыларын сабаққа алып келу тәжірибесінен біртіндеп бас тартады. Оның орнына оқушылар мектеп ұсынатын және штаттың Білім министрлігінің қауіпсіздік жүйесіне қосылған құрылғыларды пайдаланады.