Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,44 пайызға қымбаттап, бір баррелі 92,44 долларды құрады.
Oilprice.com мәліметтеріне сәйкес, Американың WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,78 пайызға өсіп, бір баррелі 86,68 долларға жетті.
Ал Ресейдің Urals маркалы мұнайының бағасы 0,51 пайызға төмендеп, бір баррелі 74,60 долларды құрады.
Мұнай бағасының өсуіне Ормуз бұғазы арқылы өтіп жатқан кемелерге жасалған шабуылдар мен Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алаңдаушылық әсер етті. Сонымен қатар АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің бәсеңдеуіне деген үміт те базардағы ахуалға ықпал етіп отыр, деп хабарлады Kazinform.
Еске салайық, 10 қараша күні Brent маркалы мұнайдың бағасы 92 долларға дейін төмендеген болатын.