Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, оқиға сәрсенбі күні айналма жолдың Варрак аумағы арқылы өтетін бөлігінде болған.

Мысыр Қызыл Жарты Ай қоғамының мәліметіне орай, жүк көлігі аударылғаннан кейін өрт шыққан.

Жарақат алған 15 адам Каир және Гиза қалаларындағы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Оқиға салдарынан 21 адам өмірден өтті.