Ғимарат толық жабдықталған 12 пәтерден тұрады және
әлеуметтік тұрғын үй ретінде пайдалануға беріледі. Құрылыс конструкциясының
сыртқы қабығын 3D басып шығару үдерісі небәрі 34 жұмыс күнінде
аяқталған, ал бүкіл үдерісті бар болғаны үш оператор бақылаған.
Жобаның авторлары ретінде девелопер Plurial Novilia мен HOBO Architecture сәулет бюросы
қатысқан. Өнеркәсіптік әдістегі 3D
басып шығару жұмыстарын PERI 3D Construction мамандары COBOD BOD2
құрылғысының көмегімен жүзеге асырды.
Бір қызығы, дәл сондай ерекшеліктері бар көрші нысан дәстүрлі құрылыс әдістерімен салынған
және оның құрылысына үш айдан астам уақыт кеткен, деп хабарлады techcult.ru.