Ғасырлар бойы қалыптасқан Ғиждуван керамикалық мектебі табиғи шикізаттарға негізделген өндіріс технологиясымен, ерекше өрнек және безендіру стилімен ерекшеленеді. Бұл бағытта 60-қа жуық өнім түрі мен 300-ден астам тұрақты өрнек композициясы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

 

Керамикалық бұйымдарды жасауда жергілікті таза топырақ, түрлі түсті саздар, табиғи бояулар және сілті қолданылады. Сонымен қатар, «Меҳроби», «Паррагул», «Мадохил», «Лўндагул», «Гули бодом» және «Лолагул» секілді дәстүрлі өрнектер Ғиждуван керамикалық мектебінің қайталанбастығын танытады.

 

Мәліметке орай, үш ғасырлық тарихы бар Нарзуллаевлар әулетінің өкілдері бұл дәстүрді бүгінге дейін жалғастырып келеді.

 

Өнімнің географиялық көрсеткіш ретінде мемлекеттік тізімге енгізілуі оның атауын, тарихи дәстүрлері мен дайындау технологиясын құқықтық тұрғыдан қорғауға, сондай-ақ ұлттық қолөнер брендін халықаралық деңгейде насихаттау мүмкіндігін кеңейтеді.