3 қараша, сенбі күні кешке жолбарыс тұрғын үйге кіріп, үйдегі алты адамға шабуыл жасаған. Отбасы мүшелері жабайы аңды бөлмелердің біріне қамап үлгерген. Көп ұзамай оқиға орнына полиция қызметкерлері, орман шаруашылығы мамандары және құтқарушылар жетіп келіп, жолбарысты қауіпсіз түрде ұстап, ғимараттан алып шыққан.
Жарақат алғандардың барлығы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуінің ауыр жарақат алғаны хабарланды, деп жазады mir24.tv.
Бұл оқиғадан бір күн бұрын жақын маңдағы орманда жолбарыстың шабуылынан тағы бір адам жарақат алған болатын. The Times of India газетінің хабарлауынша, үйге кірген жолбарыстың осы жануар болғаны немесе болмағаны әзірге белгісіз.