АҚШ-тың
«стратосфера қамалы» деген атаумен танымал Boeing B-52 стратегиялық бомбалаушы ұшағы 15 маусым,
дүйсенбі күні Лос-Анджелестің солтүстігінде апатқа ұшырады. Бұл туралы АҚШ Әуе
күштерінің “Эдвардс” базасы басшылығының
баспасөз мәлімдемесінде хабарланды. Ұшақ бортында сегіз адам болған. «Алдын ала
есептеулер бойынша, аман қалу мүмкіндігі болмаған», – делінген мәлімдемеде.
Ұшақ
жергілікті уақыт бойынша сағат 11:20-да, ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа
ұшыраған. Төтенше жағдай қызметтері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр және
қайғылы оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу істері жүргізілуде, деп хабарлады dw.com.DW.com.
B-52 бомбалаушысы қырғи-қабақ соғыс кезеңінің
басында жасалған
B-52
бомбалаушы ұшағы 1950-жылдары АҚШ пен КСРО арасындағы қырғи-қабақ
соғыс күшейген кезеңде жасалған. Ұшақ ядролық бомбаларды тасымалдауға
қабілетті.
CNN телеарнасының
хабарлауынша, B-52 ұшағына қатысты соңғы ірі апат 2008 жылы Тынық мұхитындағы Гуама
аралының маңында болған. Сол кезде АҚШ армиясының алты қызметкері қаза тапқан.