Трамп аралдың Ираннан кейінгі нысана болуы мүмкін екенін бірнеше рет айтқан, деп хабарлады rbc.ru.
Кубаның қарулы күштері АҚШ-тың басып кіруіне дайындалып жатыр, “әлемде не болып жатқанын ескере отырып” мұндай шараларды қабылдамау аңғалдық болар еді, деді Куба сыртқы істер министрінің орынбасары Карлос Фернандес де Коссио, деп хабарлады NBC News.
“Біздің қарулы күштеріміз әрқашан дайын және шын мәнінде олар қазір әскери агрессия ықтималдығына дайындалып жатыр”, — деді министр орынбасары.
Гавана АҚШ-пен мәселелерін бейбіт жолмен шешуге үміттенетінін де атап өтті: “Біз мұндай (басып кіру) болуына ешқандай себеп көріп тұрған жоқпыз және оған ешқандай негіз таппаймыз”.