Франциялық шабуылшы Әлем чемпионатының плей-офф
кезеңдерінде ең көп гол соққан жалғыз рекорд иесіне айналды.
Футболшы тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізіп, Швецияға қарсы 1/8 финалдық кездесуде екі
гол соқты. Осылайша ол плей-офф кезеңіндегі тоғыз матчта 10 гол соғып, мұндай нәтижеге
бұрын-соңды ешбір ойыншы қол жеткізбеген рекорд орнатты.
Бұған дейін Мбаппенің көрсеткіші аңызға айналған екі
бразилиялық футболшы — Леонидас
(5 матчта 8 гол) пен Роналдоның
(10 матчта 8 гол) нәтижесімен тең болған еді. Енді француз шабуылшысы бұл
көрсеткіш бойынша жеке дара көш бастады.
Сонымен
қатар, Мбаппе әлем чемпионаттарындағы жалпы гол саны бойынша да Мирослав Клозені (18 гол) де басып озды. Бұл көрсеткіште Лионель Месси 19 голмен көш бастап
тұр, деп хабарлады report.az.