Бұл туралы Өзбекстан футбол ассоциациясы хабарлады.

Турнирге Өзбекстан, Иран, Қырғызстан және Тәжікстанның U-17 жастағы әйелдер ұлттық құрамалары қатысады.

Жарыс жас футболшылардың шеберлігін дамытуға, оларды аймақтық және халықаралық турнирлерге дайындауға, сондай-ақ Орталық Азиядағы дарынды жас футболшыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Турнирде Өзбекстанның U-17 әйелдер ұлттық құрамасын Маҳлия Сарикова басқарады.