Мемлекет басшысы жас гроссмейстерді Өзбекстан шахмат тарихында алғаш рет осы беделді турнирде жеңіске жетіп, тарихи табысқа қол жеткізгенімен құттықтады.

Сұхбат барысында Жавохир Синдоровтың бұл турнирде бұрын-соңды ешкім бағындырмаған биікті бағындырғаны, 13 партияда 6 рет жеңіске жетуі спорт әлемінде сирек кездесетін ерекше жетістік екені атап өтілді.

Мемлекет басшысы жас гроссмейстердің әлемнің ең мықты ойыншыларына қарсы әр партияда батылдық пен шеберлік танытып, күшті ерік-жігер, жоғары интеллектуалдық деңгей және табандылық қасиеттерін көрсете білгенін айтты.

Президент алда Жавохир Синдоровты әлем чемпионы атағы үшін шешуші әрі мәртебелі матч күтіп тұрғанын атап өтіп, алдағы ойындарда оған сәттілік, күш-қуат және жаңа жеңістер тіледі.

Сондай-ақ, биыл Самарқанд қаласында өтетін 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Жавохир Синдоровтың қатысуы ұлттық құрамаға үлкен серпін беретіндігі айтылды.

Осы орайда Мемлекет басшысы Жавохир Синдоровтың ата-анасын, жақындарын, ұстаздары мен бапкерлерін де тарихи жеңіспен құттықтады.

Жавоҳир Синдоров өз кезегінде арнайы назар аударып, шынайы құттықтау мен сенім үшін Президентке алғыс білдірді.