ФAO басшысы Дүниежүзілік мақта күніне арналған халықаралық конференцияға және теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдердің аграрлық және азық-түлік жүйелерін дамытуға арналған екінші форумға қатысу үшін Өзбекстанда сапармен жүр.

Өзбекстан мен БҰҰ-ның осы беделді құрылымы арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Кейінгі жылдары практикалық ынтымақтастық аясында қол жеткізілген нәтижелер атап өтілді. Жаңа бесжылдық бағдарлама қабылданды. Қазіргі уақытта 27 бірлескен жоба белсенді кезеңге өтті.

Өзбекстан алғаш рет 2028–2029 жылдар кезеңіне ФAO Кеңесінің құрамына сайланды. Ертең Ташкентте теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдерге арналған Агроинновациялар хабы іске қосылады.

Кездесу барысында жаңа ынтымақтастық бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға, ауыл шаруашылығын цифрландыруға және салаға жасанды интеллект технологияларын енгізуге, климаттық қаржы қаражатын тартуға, тәжірибе алмасуға және мамандар даярлауға бағытталған перспективалы бірлескен жобалар портфелін әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Цюй Дунъюй Өзбекстан Республикасы Президентінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл және су шаруашылығын дамыту салаларындағы бастамалары мен жетістіктерін жоғары бағалаудың белгісі ретінде Мемлекет басшысына ФAO-ның жоғары наградасы – «Agricola» медалін табыстады.

БҰҰ-ның ФAO ұйымы тарапынан 1977 жылы тағайындалған «Agricola» медалі аштықты жою және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты жалпыадамзаттық мақсаттарға қол жеткізу жолында айрықша еңбек сіңіріп, өндірістік шараларды жүзеге асырған көрнекті қайраткерлерге беріледі.