Атап айтқанда, Президенттің “Гидроэнергетика саласын
одан әрі дамыту бойынша кезек
күттірмейтін іс- шаралар туралы” қаулысымен (ПҚ–163-санды, 01.05.2026 ж.) саланы кеңейтудің
басым бағыттары белгіленді.
Қаулыға сәйкес, “Узбекгидроэнерго” АҚ қызметінің тиімділігін
арттырудың негізгі мақсатты көрсеткіштері ретінде мыналар белгіленді:
2026 жылдың соңына дейін 114 МВт өндірістік қуатты пайдалануға беру және 7,1
миллиард кВт·сағ электр энергиясын өндіру;
2032 жылдың соңына дейін республикада:
жалпы қуаты 1 400 МВт болатын гидроаккумуляциялық электр станцияларын салу;
гидроэнергетика саласында 3 266 МВт қосымша қуат құру арқылы жалпы қуатты 2,4
есеге арттыру.
“Узбекгидроэнерго”
АҚ-ны тұрақты дамыту және инвестициялық жобаларды жеделдету мақсатында:
инвестициялық жобалар орналасқан аумақтарға баратын жолдар, электр беру
желілері және басқа инфрақұрылым нысандарының құрылысын бір кезеңді жобалау
(жұмыс жобасы) негізінде, компания қаражаты есебінен мердігер ұйымдарды анықтау
арқылы жүзеге асыру;
инфрақұрылымы жоқ болашағы зор
аймақтарда жобалау-іздестіру жұмыстарын сапалы жүргізу үшін “Гидропроект” АҚ
мен “Узсувлойиҳа” АҚ-ға
ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алу және пайдалану;
“Узбекгидроэнерго”
АҚ және оның жүйесіндегі ұйымдар өткізетін мемлекеттік сатып алуларға осы
жүйеге кіретін ұйымдардың қатысуына рұқсат беру белгіленді.