Президенттің
тапсырмаларына сәйкес, Нөкіс ауданында жалпы қуаты 1 ГВт болатын
дата-орталықтарды қамтитын технопарк құрылады. Бұл технопаркті «жасыл»
энергиямен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Жоба
аясында Қарақалпақстандағы болашағы зор жел электр станцияларының қуаттарын
дата-орталықтармен байланыстыру үшін жаңа электр энергетикалық инфрақұрылым
салынады.
Атап
айтқанда, кернеуі 500/220 кВ болатын жаңа подстанция және қосымша 220 кВ электр
беру желісі салынады. Бұл инфрақұрылым Нөкістегі дата-орталықтарды аумақтағы жалпы қуаты 3,3
ГВт болатын жел электр станцияларымен байланыстырып, оларды электр энергиясымен
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл
ретте дата-орталықтардың электр энергиясына деген қажеттілігі халық пен
экономика салаларының қолданыстағы тұтынуына әсер етпей қамтамасыз етіледі. Ол
үшін дата-орталықтарды арнайы аумақта шоғырландырып, оларды қажетті энергетикалық инфрақұрылыммен
қамтамасыз етуге кешенді тәсіл қолданылатын болады.
Мұнда дата-орталықтарды
бір жерде орналастыру арқылы инфрақұрылымға жұмсалатын шығындарды
оңтайландыруға және электрмен жабдықтауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар құрылатын бұл ірі дата-орталықтар тек Өзбекстанға ғана емес,
бүкіл аумаққа
цифрлық қызметтер мен жоғары технологиялық
шешімдер ұсынуға қызмет етеді деп күтілуде.
Жаңа
энергетикалық инфрақұрылымның бірінші кезеңін 2027 жылдың екінші жартысында, ал
толық қуатта іске қосуды 2028 жылдың екінші жартысында жоспарланып отыр.
Жобаны іске
асыру нәтижесінде жаңа дата-орталықтарды электр энергетикасы жүйесіне
интеграциялау, жоғары технологиялық инвестицияларды тарту және
Қарақалпақстанның қолда бар энергетикалық әлеуетін тиімді пайдалану үшін
қажетті жағдайлар жасалады.