Сербияның әуе кеңістігінде Өзбекстан басшысының ұшағын қабылдаушы елдің Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары алып жүрді.

Никола Тесла атындағы халықаралық әуежайда жоғары мәртебелі қонақтарды Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич пен оның жұбайы қарсы алды.

Екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, Құрмет қарауылы сап түзеді.

Сапардың негізгі іс-шаралары ертең басталады. Бағдарламаға сәйкес, Өзбекстан мен Сербия арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздер және екі елдің ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарланған.

Келіссөздер мен форум қорытындысы бойынша екіжақты құжаттардың ауқымды топтамасын қабылдау көзделіп отыр.