Экология және климат өзгерісі жөніндегі ұлттық комитетте республикада “жасыл” техникумдардың қызметін жолға қою және білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелеріне арналған жиын өтті.
Жиында сөз сөйлеген Өзбекстан Республикасы Президентінің экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі — Экология комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимов “жасыл” техникумдар тек білім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениет, “жасыл” экономика және климат тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа ұрпақ мамандарын даярлау жүйесі екенін айтты.
Сондай-ақ, техникумдардағы оқу бағдарламаларын қайта әзірлеу және оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажеттігі айтылды.
Жиын барысында әр аумақтың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып мамандар даярлау, салалық білім сапасын арттыру және тәжірибеге бағытталған оқу жүйесін күшейту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, Әндіжан, Бұхара, Сұрхандария және Жызақ облыстарындағы “жасыл” техникумдарда “in-vitro” зертханаларын ұйымдастыру, дуалды білім беру жүйесін енгізу, шетелдік студенттерге квоталар бөлу және оқушылар үшін тәжірибе алаңдарын қалыптастыру міндеттері белгіленді.
Бұдан бөлек, орман шаруашылықтарында, гидрометеорологиялық станцияларда, қорғалатын табиғи аумақтарда, қоқыс полигондарында, ботаника және дендрология бақтарында, сондай-ақ ғылыми институттарда тәжірибелік алаңдар ұйымдастырылады.
2026/2027 оқу жылынан бастап дарынды оқушылар үшін “Эко-стипендия” енгізіліп, жыл сайын 10-ға жуық жастарға шәкіртақы бөлінеді.