Мемлекет басшысы Ресей көшбасшысын Мемлекеттік дума сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, парламенттің жаңа құрамына жемісті жұмыс тіледі.

Әңгімелесу барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

Үкіметаралық комиссия мен Өңірлер кеңесінің кезекті отырыстарын, сондай-ақ Ресейде Өзбекстан мәдениеті күндерін нәтижелі өткізу маңызды екені атап өтілді.

Тараптар алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралар жоспарын да қарастырды.