Кездесуде тұрақты даму және климат өзгерісінің салдарын жою бағыттарында БҰҰ Даму бағдарламасымен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Әсіресе, БҰҰ Даму бағдарламасының Өзбекстанға арналған 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға назар аударылды.

Әріптестіктің оң қарқынмен дамып келе жатқаны атап өтілді. Соңғы бес жылда жалпы құны 120 миллион доллардан асатын 100-ден астам бірлескен жоба жүзеге асырылды. Ал ынтымақтастықтың жалпы көлемі 550 миллион доллардан асты.

Кездесу соңында тараптар «жасыл» трансформация, климаттық қаржыландыру көздерінен қаражат тарту, Арал маңы өңіріне қатысты бірлескен бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ климат өзгерісінен туындайтын шығындар мен залалды бағалау тетіктерін жетілдіру бағыттарындағы ынтымақтастықты жандандыруға дайын екенін білдірді.