Өзбекстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті жүйелі түрде кеңейту, саяси-дипломатиялық диалогты жандандыру, екіжақты келісімдердің іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету жолындағы іс-әрекеттері, Өзбекстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін АҚШ-та кеңінен насихаттау, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру, америкалық инвесторлар мен жетекші компанияларды елімізге тарту, энергетика, өнеркәсіп, көлік сондай-ақ басқа да басым бағыттарда өзара тиімді жобаларды ілгерілету, Америка–Өзбекстан бизнес және инвестициялар кеңесі аясындағы ынтымақтастықты дамыту ісіне қосқан ерекше үлесі үшін Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Сержио Гор Өзбекстан Республикасының «Достық» орденімен марапатталсын.
Өзбекстан Республикасының Президенті
Ш. Мирзияев