Құжат 2026 жылғы 14 қыркүйекте 3939-санмен мемлекеттік
тіркеуден өткізілді.
Медициналық тексеру есірткі заттарын қолдану жағдайларын
ерте анықтау мақсатында Республикалық сот-медициналық сараптама
ғылыми-практикалық орталығында және оның аумақтық филиалдарында жүргізіледі.
Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтар аумақтық
әскери-медициналық комиссияға жіберілгенге дейін, ал келісімшарт бойынша әскери
қызметке қабылданатын азаматтар әскери-медициналық мекемеде медициналық
тексеруден өткенге дейін аталған тексеруден өткізіледі.
Медициналық
тексеру екі кезеңде жүргізіледі. Алдымен зәр үлгісі экспресс-тест арқылы
тексеріледі. Оң нәтиже тіркелген жағдайда зәр және (немесе) қан үлгілеріне
масс-спектрометриялық сәйкестендіру тексеруі жүргізіледі.
Медициналық тексеру нәтижесі оң болған немесе қажетті
биологиялық үлгілерді тапсырудан бас тартқан азаматтар әскери-медициналық
тексеруден өткізілмейді.
Сонымен қатар медициналық тексеру барысында алынған
жеке тұлғаға қатысты мәліметтердің, биологиялық үлгілердің және тексеру
нәтижелерінің құпиялылығы қамтамасыз етіледі.