Өзбекстанның беделді делегациясының құрамына сенаторлар, сондай-ақ Олий Мажлистің Заң шығару палатасының депутаттары кіреді.

Сессияның негізгі тақырыбы инклюзивтілік, сенім және тең мүмкіндіктер арқылы тиімді басқаруды нығайту және қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейту болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, осы сессия аясында Парламентаралық Одақтың жаңа президенті үш жылдық мерзімге сайланады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы сәуір айында Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева бастаған делегация Станбул қаласында өткен Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 152-сессиясына қатысқан болатын.