Жарыста Өзбекстанның намысын 10 спортшы қорғауда.

Чемпионаттың алғашқы күнінде командалық кездесулер өтті. Ерлер арасындағы топтық кезеңде Өзбекстан құрама командасы Түрікменстан және Сауд Арабиясы өкілдеріне қарсы ойнады. Ал әйелдер құрамасы Макао, Иордания және Тәжікстан командаларымен күш сынасты.

Тіркелген нәтижелер:

Ерлер:

 Өзбекстан — Түрікменстан — 3:0;

 Өзбекстан — Сауд Арабиясы — 0:3.

Әйелдер:

Өзбекстан — Иордания — 3:0;

Өзбекстан — Макао — 3:0;

Өзбекстан — Тәжікстан — 3:0.

Бүгін Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Жарыс бәсекелері 25 қазанға дейін жалғасады.