Ағымдағы жылдың 20–22 маусым күндері күтілетін
жауын-шашындарға байланысты республиканың тауалды және таулы аймақтарында, атап
айтқанда:
Қашқадария облысында: Яккабағ, Дехқанабад, Шырақшы,
Китаб, Шахрисабз, Қамашы және Ғузар аудандарында;
Сұрхандария облысында: Сариасия, Ұзын,
Алтынсай, Денов, Байсын, Шеробод, Шурчи, Құмқорған және Музрабат аудандарында;
Самарқант облысында: Үргіт, Самарқант,
Бұлунғур, Нурабад, Қошрабат, Каттақорған, Пайарық, Жамбай және Иштихан
аудандарында;
Науаи облысында: Хатыршы, Навбахор, Нұрата, Кенимех және Кармана
аудандарында;
Жызақ облысында: Замин, Бахмал,
Ғаллаарал, Шараф Рашидов, Фарыш және Янгиабад аудандарында;
Ташкент облысында: Аханғаран, Бостандық,
Паркент, Піскент, Орта Шыршық, Жоғары Шыршық аудандарында, сондай-ақ Ангрен
және Алмалық қалаларында;
Наманган облысында: Поп, Косонсай, Чортақ,
Чуст, Наманган және Янгиқорған аудандарында;
Ферғана облысында: Сух, Шахимардан,
Ферғана және Бешарық аудандарында;
Әндіжан
облысында: Әндіжан, Асака, Жалакұдық,
Қорғантепе, Пахтаабад, Ізбасқан, Қожаабад, Мархамат
аудандарында және Ханабад қаласында сел және су тасқыны құбылыстарының орын
алуы мүмкін.
Тауалды
және таулы өңірлерде тұратын тұрғындардан, демалушылардан, сондай-ақ таулы
аймақтарда қозғалып жүрген жүргізушілерден сақтық шараларын қатаң сақтау
сұралады.
Республиканың
кейбір аумақтарында жаңбыр суларының жиналуы ықтимал. Бұл жекелеген өңірлердің
су басуына алып келуі мүмкін.