Шілде дәстүрлі түрде республикадағы ең ыстық ай
саналады. Орташа күндізгі ең жоғары ауа
температурасы 35–37 градус болса, оңтүстік және шөлейт өңірлерде 38–40 градусқа
жетеді. Сонымен қатар, жыл сайын дерлік қатты ыстық толқындары байқалып, ауа
температурасы 40–42 градусқа, кейбір жерлерде 43–45 градусқа дейін көтеріледі.
Соңғы жылдары елде аптап ыстық күндердің саны тұрақты
түрде артып келеді. Өткен онжылдықтағы барлық шілде айлары климаттық нормадан
ыстық болған, олардың тоғызы метеорологиялық бақылаулар тарихындағы ең ыстық он
шілде айының қатарынан орын алған.
Синоптиктердің болжамынша, шілденің алғашқы
онкүндігінің соңына қарай күндізгі ауа температурасы 37–40 градусқа, ал
оңтүстік өңірлерде 41–43 градусқа дейін көтеріледі. Айдың соңына дейін
температура 33–38 градустан 38–43 градус аралығында құбылып тұрады, ал
солтүстік, шөлейт және оңтүстік өңірлердің кей жерлерінде 45 градусқа дейін
жетуі мүмкін.
Шілде айының орташа температурасы климаттық нормадан
1,5–3 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Сонымен бірге ай негізінен құрғақ
ауа райымен өтеді: жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейден аз болады, тек кейбір
тау бөктері мен таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы
ықтимал.
Мамандар еліміздің
тұрғындарына ұзақ уақыт бойы күннің тікелей сәулесінің астында болмауға,
жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуге және әсіресе балалардың, қарттардың әрі
созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулығына ерекше көңіл бөлуге кеңес
береді.