Бұл туралы Узгидромет хабарлады.

Айтуынша, соңғы бес күн ішінде жауын-шашынның болмауы, жел жылдамдығының төмендігі және ауа алмасуының баяулауы Ташкент қаласының атмосферасындағы ластаушы заттардың таралуын қиындатуда.

Узгидрометтің атмосфералық ауаның сапасын бақылайтын автоматты мониторинг станцияларының деректеріне орай, 2026 жылғы 17–21 қараша аралығында елорда аумағындағы станцияларда ластаушы заттар концентрациясының айтарлықтай өсуі тіркелмеген. Алайда шекара маңындағы мониторинг станцияларында PM2.5 және PM10 шаң бөлшектерінің жоғары көрсеткіштері анықталған.

Атап айтқанда, «София» және «Green University» шекара маңындағы мониторинг станцияларында аталған бөлшектер концентрациясының жоғары болуы сыртқы аумақтардан шаң массаларының келіп жатқанын көрсететін факторлардың бірі ретінде бағаланған.

Сонымен қатар автокөлік құралдарынан, құрылыс алаңдарынан және өнеркәсіпорындардан бөлінетін шығындылар да елорда ауасының сапасына әсер ететін жергілікті факторлар болып саналады.