Президентіміз Шавкат Мирзияевтың 19 қыркүйекте Нөкіс қаласында өткізген жиынында да осы мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды міндеттер белгіленді. Әсіресе инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Аумақта жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар экономикалық белсенділікті арттырып, адамдар үшін еңбек етуге және өз әлеуетін танытуға мүмкіндік беруде. Сонымен қатар энергетика, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы жаңарулар Қарақалпақстанның алдағы дамуы үшін берік негіз қалыптастыруда. Өйткені дамудың мәні тек жаңа ғимараттар немесе өндірістік қуаттар салумен шектелмейді. Оның басты мағынасы — адам өмірінің жақсаруы, отбасылар табысының артуы және әрбір азамат үшін жаңа мүмкіндіктердің жасалуы.

Бүгінде Қарақалпақстанда басталып жатқан жаңа жұмыстарды ертеңгі күнге бағытталған жетістіктердің жемісі деп білеміз. Бұл үдерістің әрбір нәтижесі аумақтың одан әрі көркейіп, халықтың әл-ауқатының артып, неғұрлым қолайлы өмір сүруіне қызмет етеді.

Бибихон УТАМБЕТОВА,
Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кенгесінің депутаты,
Өзбекстан Халықтық-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі.