«Эль-Сальвадор Республикасының
еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған Юрий Павел
Сантакрус Пердомо мырзадан сенім грамоталарын қабылдағаныма қуаныштымын, – деп
жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-арнасында. – Біз Сальвадорды Орталық
Америкадағы болашағы зор серіктестеріміздің бірі ретінде көреміз. Елдеріміз
арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да салалардағы
ынтымақтастықты дәйекті түрде кеңейтуді қолдаймыз.
Елші мырзаға жаңа қызметінде табыс тілеп, өзара қарым-қатынастарды жаңа
деңгейге көтеру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді білдірдік».
Еске сала кетейік, Өзбекстан мен Сальвадор арасындағы дипломатиялық қатынастар
2014 жылғы 3 желтоқсанда орнатылған. 59 жастағы Юрий Павел Сантакрус Пердомо,
сондай-ақ резиденциясы Мәскеу қаласында орналасқан Сальвадордың Ресей, Армения,
Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы елшісі болып
табылады.