Президент Шавкат Мирзиёев жоғары мәртебелі қонақты шынайы ықыласпен қарсы алып, құрмет тұғырына шақырды.
Екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрмет қарауылы сап түзеді. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Өзбекстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Мемлекет басшылары құрмет қарауылы сапының алдынан өтіп, ресми делегациялар мүшелерімен амандасты.
Бірлескен естелік суретке түскеннен кейін Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттерініңарасында келіссөздер басталды.