Бұл туралы Veolia Energy хабарлады.

Аталған үдеріс барысында желілер жоғары қысым астында механикалық беріктік пен тығыздық бойынша тексеріледі. Сынақтардың негізгі мақсаты — халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жаңа жылыту маусымына мұқият дайындалу, бар ақауларды анықтау және қыс мезгілінде халыққа тұрақты жылу жеткізуді қамтамасыз ету.

Жауапты ұйымдар жүргізушілерден, жаяу жүргіншілерден, сондай-ақ әкімшілік және тұрғын үйлерде тұратын азаматтардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ, ыстық су қамтамасыз ету бойынша келесі кесте жарияланды:

24–31 наурыз күндері — сынақ кезінде ыстық су қысқа уақытқа өшіріледі;

1 сәуірден 1 мамырға дейін — сынақ кезінде ыстық суды өшірмей  жалғастырады.

Аудандар бойынша мекенжайлар мен нақты күндермен осы жерден танысуға болады.