Әңгіме басында Гурбангулы Бердімұхамедов Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс, ал бауырлас өзбек халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Сондай-ақ Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Гурбангулы Бердімұхамедов Мемлекет басшысының қажырлы еңбегі мен көреген саясатының нәтижесінде Өзбекстанның жаңа белестерді бағындырып, әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттарда елеулі жетістіктерге жетіп жатқанын айрықша атап өтті.

Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру аясында Өзбекстан мен Түрікменстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Сұхбат барысында өзара сенім мен ортақ мүдделерге негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың қарқыны артып келе жатқаны атап өтілді.

Барлық деңгейдегі белсенді байланыстар жалғасып келеді. Жуырда Ашхабатта өткен саяси консультациялардың нәтижелері жоғары бағаланды.

Екі ел арасындағы тауар айналымы мен жүк тасымалы көлемі тұрақты өсуде. Сонымен қатар, «Шават–Ташауыз» сауда аймағының тиімді жұмысы өзара сауда көлемін ұлғайтуға ықпал етіп отырғаны айтылды.

Энергетика, өнеркәсіп, ауыл және су шаруашылығы, көлік салаларындағы кооперациялық жобалар табысты жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Сондай-ақ парламентаралық, өңіраралық, іскерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударылды.

Тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде биыл күзде Аваза қаласында өтетін Орталық Азия мен Әзербайжан мемлекеттері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуіне дайындық барысын үйлестіру мәселелерін де талқылады.