Варшавада АҚШ-тың Ford компаниясының автосалоны мен қызмет көрсету орталығы орналасқан, жалпы аумағы 3 200 шаршы метр болатын ғимарат өртеніп кетті. Бұл туралы TVP телеарнасы өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өрт туралы алғашқы хабарламалар жергілікті уақыт бойынша сағат 5:00-де, автосалоннан түтін көтеріле бастағаннан кейін түсе бастағаны айтылды, деп хабарлайды tass.ru.

TVP мәліметінше, оқиға орнына 40 өрт сөндіру жасағы жұмылдырылған. Зардап шеккендер немесе өрттің шығу себебі туралы әзірге ақпарат жоқ.