Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның 2026 жылғы климаттың жағдайы туралы жаңартылған есебіне орай, соңғы 12 жылдың барлығы метеорологиялық бақылаулар тарихындағы ең ыстық 12 жылдың қатарына енген.
Соның ішінде соңғы төрт жыл температура көрсеткіші бойынша алғашқы төрт орынды иеленді.
2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Жер бетіндегі ауаның орташа жаһандық температурасы индустрияландыруға дейінгі кезеңдегі көрсеткіштен шамамен 1,47 градус Цельсийге жоғары болды.
Сонымен қатар Жердің энергетикалық теңгерімсіздігі артып келеді. Ғаламшар бұрынғыға қарағанда жылуды әлдеқайда жылдамдатуда. Мұның негізгі себебі – жылыжай газдар концентрациясының рекордтық деңгейге жетуі. Бұл газдар Күннен келетін энергия мен Жерден таралатын жылу арасындағы тепе-теңдікті бұзады.
Артық жылудың шамамен 90 пайызын Дүниежүзілік мұхит сіңіреді.
Қолда бар мәліметтерге орай, 2026 жыл мұхиттағы жылу мөлшері рекордтық деңгейге жеткен оныншы жыл болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда климатты тұрақты бақылау және алдын ала болжау қоғам мен экономикаға қауіп төндіруі мүмкін қатерлерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлады Kazinform.