Ипотекалық
несие бойынша субсидия алу үшін өтініш беруші әлеуметтік өлшемдер негізінде
бағалау нәтижесінде 30 және одан жоғары балл жинауы, сондай-ақ оның
несиелік тарихы бағдарламаға қатысатын кемінде бір коммерциялық банктің ішкі
талаптарына сәйкес болуы қажет.
Сонымен
қатар, өтініш берушінің, оның ішінде жұбайының (зайыбының) атына республика
аумағының кез келген өңірінде меншік құқығымен тіркелген тұрғын үй болмауы
тиіс. Бұдан бөлек, олардың орташа айлық табысы белгіленген әлеуметтік
критерийлер шегінде болуы қажет.
Субсидия алу үшін өтініш берудің тәсілдері:
Мемлекеттік
қызмет көрсету орталықтарына тікелей жүгіну;
myGov мобильді қосымшасы арқылы;
my.gov.uz порталында тиісті сілтеме арқылы
өтінім беру.