Осыған байланысты Бәсекелестік комитеті осы тәжірибені қайта қарау туралы ұсыныспен Орталық банкке жүгінді.
Комитетке келіп түскен өтініштерде кейбір банктерде несие төлемдерін есептеу және артық қаражатты бөлу мәселелеріне қатысты проблемалар көтерілгені атап өтілді.
Атап айтқанда, «Узсаноатқурилишбанк» және «Ҳамкорбанк» несиелік шарттарында артық төлемдерді негізгі борышты өтеуге бағыттау міндеті белгіленгеніне қарамастан, іс жүзінде бұл талап орындалмай жатқаны туралы мәліметтер келіп түскен. Артық қаражат транзиттік шоттарда қалып қойып, ал негізгі борышқа пайыз есептеу жалғаса беруі мүмкін. Сонымен қатар банктердің мобильді қосымшаларында несие төлемдерін басқару мүмкіндіктерінің жеткіліксіз екені де атап өтілген.
Бәсекелестік комитетінің мәлімдеуінше, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның талаптарына сәйкес, тұтынушылардың құқықтары сақталуы тиіс.
Банк қызметтерін тұтынушылармен қарым-қатынасқа қатысты ереженің 37-пункітіне сәйкес, егер шартта өзгеше тәртіп белгіленбесе, ай сайынғы төлемнен артық түскен қаражат негізгі борышты өтеуге бағытталып, несие сумасы қайта есептелуі керек. Ал банктің бағдарламалық қамтамасыз етуіндегі ақаулар тұтынушы міндеттемелерінің ұлғаюына себеп болмауы тиіс.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және несие төлемдерін уақытылы жүзеге асыратын клиенттердің мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында мынадай ұсыныстар енгізілді:
Қолданыстағы тәртіп пен шетелдік тәжірибені зерделей отырып, банк қызметтерін тұтынушылармен қарым-қатынасқа қатысты ереженің артық төлемдерді негізгі борышты өтеуге бағыттау тәртібін белгілейтін 37-пункітін тұтынушылардың мүдделерін ескере отырып қайта қарау;
Несие бойынша есеп айырысуды, соның ішінде несиені мерзімінен бұрын өтеу шарттарын «Банктер және банк қызметі туралы» заң арқылы реттеу.
Шет мемлекеттерде бұл мәселе қалай шешіледі?
Комитет ұсынған мәліметтерге орай, кейбір елдерде несиені мерзімінен бұрын өтеу және артық төлемдерді негізгі борышты өтеуге бағыттау бойынша түрлі механизмдер қарастырылған.
Мысалы, АҚШ-тың кейбір банктерінде клиент мобильді қосымша арқылы «Principal Only» — «тек негізгі борышты өтеу үшін» функциясын таңдап, артық қаражатты тікелей негізгі борышты азайтуға бағыттай алады.
Ресейде тұтынушылық несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін қосымша ақы алу қарастырылмаған. Қазақстанда несиені мерзімінен бұрын айыппұлсыз өтеуге болады. Ал несиені ішінара өтеу кезінде банкпен келісу арқылы ай сайынғы төлем мөлшері азайтылады немесе несие мерзімі қысқартылады.
Еуропа Одағында да мерзімінен бұрын өтеу кезінде қалған мерзімге тиесілі пайыздар мен шығындарды азайту құқығы көзделген. Бұл тәртіп 2008/48/EC және 2014/17/EU директиваларында қарастырылған.
Комитеттің ұсыныстары несие төлемдерін есептеу кезіндегі проблемаларды жоюға, артық төлемдердің негізгі борышты өтеуге уақытылы бағытталуын қамтамасыз етуге және тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған.