Кездесуге Әзербайжанның «PASHA Holding», «Neqsol Holding», «AzerGold» компанияларының және Әзербайжан халықаралық банкі басшылары да қатысты.
Сұхбат басында Әли Асадов Мемлекет басшысына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы Әзербайжан халқын жуырда аталып өткен Ұлттық құтқару күні мерекесімен құттықтады.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейту мен нығайтудың өзекті мәселелері қаралды.
Барлық деңгейдегі белсенді байланыстардың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Жыл басынан бері екі ел арасындағы тауар айналымы 40 пайызға артқан. Құрылыс, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, геология, логистика, туризм және басқа да салалардағы кооперациялық жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр.
Екі ел үкіметтерінің алдағы жоғары деңгейдегі саммиттің экономикалық күн тәртібін жан-жақты әрі мұқият әзірлеуінің маңыздылығы атап өтілді.
Осы тұрғыда Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы мен Өңірлер форумының нәтижелі әрі мазмұнды өтуін қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.