Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысын жылы қарсы алды.

Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді. Әскери оркестрдің орындауында Өзбекстан мен Сербияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, артиллериялық қарудан он рет оқ атылып, салтанатты сәлем берілді.

Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегациялар мүшелерімен амандасты. Бірлесіп суретке түскеннен кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.