Тараптар практикалық ынтымақтастықтың, ең алдымен, сауда, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік, экология, ауыл және су шаруашылығы салаларында жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Барлық деңгейдегі белсенді байланыстарға айрықша назар аударылды. Мемлекет басшылары екі ел Президенттері Әкімшіліктері арасындағы қол жеткізілген келісімдерді уақтылы жүзеге асыруға және әріптестік күн тәртібін жаңа жобалар, бастамалармен толықтыруға ықпал етіп отырған тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалады.

Өзбекстан мен Қазақстан көшбасшылары өңірлік саясаттың өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасып, алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралардың жоспарын қарастырды.