Бұл туралы Ұлттық статистика комитетінің үй шаруашылықтарына жүргізілген
іріктемелі бақылау деректерінде айтылған.
Мәліметке орай, бұл көрсеткіш 2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында тіркелген.
Интернет пайдаланатын халықтың үлесі 2021 жылмен салыстырғанда 20,7 пайыздық пунктке
артқан.
Жылдар бойынша 10 жастан асқан интернет пайдаланушылардың үлесі
төмендегідей:
— 2021 жыл — 76,6 пайыз;
— 2022 жыл — 83,9 пайыз;
— 2023 жыл — 89,0 пайыз;
— 2024 жыл — 93,3 пайыз;
— 2025 жыл — 94,6 пайыз;
— 2026 жылдың қаңтар–тамыз айлары
— 97,3 пайыз.
Осылайша, соңғы жылдары елде интернетті пайдалану деңгейі тұрақты түрде
өсіп келеді.