Салыстыру үшін айтсақ, 2024 жылы Ташкент осы рейтингте 95-орында болған. Екі жыл ішінде индекс көрсеткіші 0,3646-дан 0,8911-ге дейін өсті. Нәтижесінде елорда «Орташа» деңгейден «Өте жоғары» деңгейге көтерілді.
Жергілікті онлайн қызметтер индексі қалалардың ресми веб-порталдары мен электрондық қызметтерін алты негізгі бағыт және 101 көрсеткіш негізінде бағалайды.
Ташкенттің аталған бағыттар бойынша нәтижелері төмендегідей:
Институционалдық негіздер — 1,0000 балл;
Ақпаратпен қамтамасыз ету — 0,9032 балл;
Электрондық үкімет сауаттылығы — 0,9000 балл;
Электрондық қызметтер — 0,8950 балл;
Электрондық үкімет инфрақұрылымы — 0,8571 балл;
Азаматтардың қатысуы — 0,8000 балл.
Қазіргі уақытта Ташкентте экономикалық және әлеуметтік салаларды, қалалық инфрақұрылымды, сондай-ақ тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйесін қамтитын цифрлық басқару жүйелері енгізілуде.
Атап айтқанда, «Халық бақылауы» («Халқ назорати») платформасы арқылы азаматтардың өтініштерін қабылдау, оларды жауапты ұйымдарға жолдау және орындалуын бақылау мүмкіндігі жасалған.
БҰҰ рейтингіндегі бұл нәтиже Ташкент қаласында жергілікті электрондық қызметтер мен цифрлық басқару жүйелерін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан өзгерістерді көрсетеді.