Қауіп төмендегі аумақтарда болжанып отыр:

Қашқадария облысы — Яккабағ, Дехқанабад, Шырақшы, Китоб, Шахрисабз, Қамашы және Ғузар аудандары;

Сұрхандария облысы — Сариосия, Ұзын, Алтынсай, Денов, Байсын, Шеробод, Шурчи, Құмқорған және Музрабат аудандары;

Самарқант облысы — Ургут, Самарқанд, Бұлұңғыр, Нұрабад, Қошрабат, Каттақорған, Пайарық, Жомбай және Иштихан аудандары;

Науаи облысы — Хатыршы, Наубахор, Нұрата, Кенимех және Кармана аудандары;

Жызақ облысы — Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шараф Рашидов, Фарыш және Янгиабад аудандары;

Ташкент облысы — Ахангарон, Бостандық, Паркент, Піскент, Орташыршық, Жоғарышыршық аудандары, сондай-ақ Ангрен және Алмалық қалалары;

Наманган облысы — Поп, Косонсай, Чартак, Чуст, Наманган және Янгиқорған аудандары;

Ферғана облысы — Сух, Шахимардан, Ферғана және Бешарық аудандары;

Әндіжан облысы — Әндіжан, Асака, Жалалқұдық, Қорғантепе, Пахтаабад, Ізбасқан, Қожаабад, Мархамат аудандары және Ханабад қаласы.

Мамандар тау етегі мен таулы өңірлерде тұратын тұрғындарды, демалушыларды және осы аумақтар арқылы қатынайтын жүргізушілерді сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Сондай-ақ республиканың кейбір өңірлерінде нөсер жауын салдарынан жаңбыр суларының жиналуы, ойпаң жерлерді су басу қаупі де бар.