1 августан бастап ұлттық заңдылықта қандай өзгерістер күтілуде?

    Ел назарында 27 Iyul 2023 1364

    2023 жылдың 1 августан бастап ұлттық заңдылықта қандай негізгі өзгерістер күтілуде?

    Ата-аналар балаларының оқуы үшін бағытталған қаражаттары бойынша табыс салығынан босатылады.

    Балалардың республикалық білім беру ұйымдарында білім алуы үшін төленетін төлемдер салық салынбайтын табыстар санатына жатады.

    Алкоголь өндірушілерге қосымша талап

    Енді өндірушілер алкоголь өнімдердің тауар белгілері Әділет министрлігі тарапынан тіркеуге алынғандығы туралы куәлігі болуы қажет.

    Мемлекеттік органдардың басшылары ақпараттық технологиялар бойынша оқытылады

    Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Мемлекеттік басқару академиясында цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жобаларды тиімді жүзеге асыру бойынша қысқа мерзімді курстарда оқытылады.

    Жастарға бөлінетін шағын несиелер мен субсидияларды банк картасына аударуға болады

    Жастарға компьютер сатып алуға бөлінетін қаржылар есебінен шағын несиелер түрінде және “Жастар дәптері”, Кедейлікті азайту және жұмыспен қамту министрлігі Қорлары есебінен берілетін субсидия қаржыларын бөлек ашылған банк картасына (нақтылаудың мүмкіндігі жоқ) аударуға рұқсат етіледі.

    Мемлекеттік органдардың IT-саласында жұмыс істейтін білікті қызметкерлеріне үстемақы төленеді

    АКТ саласындағы халықаралық сертификаты бар мемлекеттік органдардың және тағы басқа да бюджеттік ұйымдардың ақпараттық технологиялары мен коммуникацияларды дамыту үшін жауапты қызметкерлеріне белгіленген үстемелерге қосымша түрде лауазымдық жалақысына 20 пайыздық үстемеақы төленеді.

    Медициналық мекемелерде – жаңа штат бірліктері

    Төмендегі лауазымдар енгізілуде:

    аудандық (қалалық) көптармақты орталық поликлиникаларындаТұрғындардың салауатты өмір салтын қолдап-қуаттау және физиологиялық белсенділігін арттыру орталығының аудандық (қалалық) бөлімшелерінің штаттарын қысқарту есебінен – медициналық психолог;

    стационарлық орынға ие болмаған психикалық-жүйке аурулары диспансерлері және құрамында диспансері бар болған психикалық аурулар ауруханаларында - суицидолог;

    стационар орынға ие болған психиатриялық-жүйке аурулары диспансерлерде және психиатриялық аурулар ауруханаларында – қолданыстағы штаттар аясында қабылдау бөлімі дәрігері, кезекші психиатр, медициналық психолог немесе психотерапевт штаттары.

    Кәсіпкерлер өз шоттарынан ақшаны заңсыз түрде шешкені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады

    11 августан бастап кәсіпкерлердің банк шоттарынан олардың разылығысыз заңға қайшы түрде өткізу немесе алып қойғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленуде.

    Үш заң күшіне енді

    «Алкоголь және темекі өнімдерін тарату мен тұтынуды шектеу туралы» Заң – 26 августан;

    «Техникалық жақтан реттеу туралы» Заң;

    «Сәйкестікті бағалау органдарын аккредитациялау туралы» Заң – 29 августтан бастап, деп хабарлайды «Norma».

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates