баннер
30 Mar 2025
16:25

    Егер айыппұл балдары 12 балдан асып кетсе, жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылады

    Мұндай құқықтан айыру мерзімі 6 айдан кем болмауы белгіленуде.

    Заңға сәйкес, Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген қоымшаларға орай, төмендегілер үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді:

    Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін есептелген айыппұл балдарының белгіленген мөлшерінен асып кеткені үшін әкімшілік жаза қолданылуы;

    Мұнда:

    Көрсетілген бұзушылықтарды жасағаны үшін көлік құралының жүргізушісіне қатысты осы құқықбұзушылықтарда көзделген негізгі жазамен бірге айыппұл баллдары есептеледі. Мұнда жасалған әрбір құқықбұзушылық үшін есептелетін айыппұл балдарының ең жоғары мөлшері 2 балдан аспауы керек.

    Айыппұл балдары көрсетілген құқықбұзушылықтардың бірі алғаш рет жасалған күннен бастап бір жыл бойы есептеледі. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген құқықбұзушылықтар үшiн есептелген айыппұл балдары бiр жыл өткен соң көлiк құралының жүргiзушiсiнен автоматты түрде алынып тасталады.

    Есептелген айыппұл балы бір жыл ішінде 12 баллдан асатын жағдайларда жүргізуші соңғы жасаған құқықбұзушылық үшін қосымша жаза ретінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Мұндай құқықтан айыру мерзімі 6 айдан кем болмауы белгіленуде.

    Сығылған табиғи газбен, сұйытылған мұнай газымен немесе дизельдік және газ тәрізді отын қоспасымен жүретін көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін;

    Көлікпен адамдарды тасымалдауда ережелерін бұзғаны үшін;

    Көлік құралдарын басып озу ережелерін бұзғаны үшін;

    Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін;

    Құқықты қорғау органдары қызметкерлерінің фото және (немесе) бейне суреттерін, сондай-ақ олардың абырой беделін түсіруге әкелетін түрде таратқаны үшін.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech