Ақпарат үшін, Қытай мемлекеті тарапынан «5-9 сыныптарда шет тілі мен информатика пәнін оқыту сапасын арттыру» жобасының 2-кезеңі аясында Мектепке дейінгі және мектепке білім беру министрлігіне Қытай Халық Республикасы тарапынан 12 миллион АҚШ доллары көлемінде грант қаржы бөлінді.

Грант қаржылары республикамыздағы 1303 жалпы білім беретін мектепке  20 848 дана оқу компьютерімен қамтамасыз етуге бағытталды, сонымен қатар, мектептер кезең-кезеңімен осы компьютер жабдықтарымен қамтамасыз етілуде.

Оқу компьютер сыныптары компьютер техниканы қажет ететін жалпы білім беретін мектептерде шет тілі мен информатика пәнін жақсы оқыту үшін сабақ барысында және сыныптан тыс үйірмелерде тұрақты пайдаланады.

Қытай Халық Республикасынан Өзбекстанға сапармен келген мамандар жер-жерлерде компьютер жабдықтарын сапалы орнату істерін жүзеге асырады деп күтілуде.