Шавкат Мирзияев Түркия делегациясын қабылдады

    Билік 28 Iyun 2021 5548

    28 маусымда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстанға жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октайды қабылдады.

    Кездесуде Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Түркия арасындағы тұрақты, жемісті диалогтың жоғары деңгейінің арқасында қол жеткізілген достық, сенім және стратегиялық серіктестік қатынастарының қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.

    Өз кезегінде вице-президент Фуат Октай Өзбекстан басшысына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның құттықтауы мен ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар елдегі түрік компаниялары мен инвесторларына көрсетілген үлкен қолдау үшін ризашылық білдірілді.

    Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны және пандемияның зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралар ерекше аталды.

    Ташкентте өтетін Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысының күн тәртібін мұқият дайындау маңызды екендігі айтылды. Бұл, ең алдымен, сауда мен ынтымақтастық көлемін ұлғайту, преференциалды сауда келісімін қабылдау, бірлескен индустриалды аймақ құру, Түркияның алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен технологиясын тарта отырып цифрландыру, білімі және экономиканың басқа салаларындағы бағдарламаларды дамыту мәселелері.

    Сонымен қатар, тараптар аймақтық серіктестік пен халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың өзекті аспектілері туралы пікір алмасты.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates