Өзбекстан Премьер-министрі
Абдулла Ариповтың Қытайға іссапары аясында Пекин қаласында Қытай премьері-министрі
Ли Цянмен келіссөздер болып өтті.
Кездесуде
тараптар соңғы жылдары Өзбекстан—Қытай қатынастарының тұрақты дамып келе
жатқанын атап өтіп, жоғары деңгейдегі диалогтар екі мемлекет арасындағы
ынтымақтастықты жаңа кезеңге шығарғанын айтты.
Абдулла Арипов
Өзбекстан Қытайды сенімді әрі ұзақ мерзімді стратегиялық серіктес ретінде
бағалайтынын білдірді. Ол сондай-ақ елдің «біртұтас Қытай» қағидатын қолдайтынын
да растады.
Келіссөздер
барысында сауда, инвестиция, энергетика, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы
және мәдени-гуманитарлық салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту
мәселелері талқыланды.
Өзбекстан
тарапы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы жобаларға белсенді қатысуға,
өзара тиімді экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға және көпжақты
үйлестіруді дамытуға мүдделі екенін білдірді.
Сонымен
қатар, тараптар халықаралық және аймақтық
мәселелер бойынша диалогтарды жалғастыру, тұрақты даму мен қауіпсіздік
салаларындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.