Келісім аясында Өзбекстанда өсірілген ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін заманауи, озық цифрлық сауда арналары арқылы Кувейт пен Парсы шығанағы мемлекеттері базарына жеткізіп беру мүмкіндігі жасалуда.
Атап айтқанда, жергілікті өндірушілердің өнімдері «Jameia dot com food stores company» компаниясының онлайн сауда платформасы арқылы бүкіл Парсы шығанағы аймағындағы тұтынушыларға ұсынылатын болады.
Бұл өз кезегінде, Өзбекстан өнімдерін шетел базарларына белсенді түрде насихаттау, экспорт географиясын кеңейтуге және фермерлер мен кәсіпкерлер үшін жаңа сауда дәліздерін ашуға қызмет етеді.
Ең бастысы, ұлттық өнімдеріміз цифрлық сауда жүйесі арқылы тұтынушыларға тікелей жетіп баруы экспорттық тиімділігін одан әрі арттырады.
Айта кетейік, «Jameia dot com food stores company» — Кувейтте жұмыс істейтін заманалық азық-түлік сауда компаниясы ретінде, цифрлық сауда шешімдерін, тиімді логистикалық жүйесімен және Парсы шығанағы елдерін қамтып, жеткізу желісімен ерекшелене.
Компания аймақта онлайн-сауданы дамытуға үлкен көңіл бөліп келеді.








