Жарлыққа сәйкес, министрліктерде, кеңселерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда, жергілікті билік органдарында жұмыс жүргізетін басшылар мен қызметкерлердің антропометриялық көрсеткіштерін (семіздік дәрежесі, салмақ индексі), тағы басқа ауруларды кескін кемейту, саламаттықты нығайтудың бағалау өлшемдерін жасап, рейтинг негізінде талдау, сондай-ақ нәтижелерін онлайн бақылау жүйесі іске түсіріледі.

Сонымен қатар:

Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі, облыстар және Ташкент қалалық әкімдіктерінің тиісті аумақта:

- бұқаралық спортпен шұғылданатындардың санын арттыруға;

- құрамында тұз, қант және май мөлшері көп, сондай-ақ қамырлы тағамдар мен тәттілерді, нан өнімдерін жеуді қысқартуға;

- алкоголь және темекі өнімдерін тұтынудан бас тартуға;

- семіздік пен мезгілсіз өлім көрсеткіштерінің азаюына  қарап жұмысына баға беру бойынша  рейтинг жүйесі енгізіледі.

Еске сала кетсек, бұл Жарлыққа өткен жылы қол қойылған еді.