1 ноябрьден бастап Өзбекстан заңнамасында не өзгереді?

    2024 жылғы 1 ноябрінен бастап күшіне енетін ұлттық заңнамадағы негізгі өзгерістерге шолу ұсынылды.

    Еңбек құқықтарының сақталуын тексерудің жаңа тәртібі енгізіледі

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы және оның аумақтық бөлімдері тексеру жүргізілген кезден бастап Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі өкілді хабардар ету арқылы еңбек құқықтары мен еңбекті қорғау туралы заңдылыққа бағынуы туралы тексерулер жүргізіледі.

    Отбасын кедейліктен шығару бағдарламасы басталады

    «Кедейліктен әл-ауқатқа қарай» бағдарламасы іске қосылады, ол “Кедей отбасылар үшін жеті мүмкіндік пен жауапкершілік» қағидасы негізінде жүзеге асырылады. Ол мыналарды көздейді:

    әрбір махллаға жетекші кәсіпкерлерді тарту, тамарқа жерлерінен тиімді пайдалану, аз қамтылған отбасыларға қосымша 50 мың гектар егістік жерді жалға беру;

    қамқорлыққа мұқтаж адамдарды күнделікті хабар алу негізінде патронажды, бала тәрбиелеу және күндізгі күтім қызметтерін жолға қою;

    ипотекалық жүйеден пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту, заманауи «жасыл» тұрғын үй ғимараттарын салу немесе қайта құру және т.б.

    Тауар-шикізат биржаларына жаңа талаптар қойылады

    Лицензия алу үшін тауар-шикізат биржалары мыналарға ие болуы керек:

    мүліктік құқық негізінде лицензияланған биржалық сауданың электрондық жүйесі;

    жалпы жады 100 ТВ серверлік қондырғылары мен ақпараттарды қайта өңдеу орталығы;

    электрондық биржалық сауда жүйесін қорғау;

    қызмет көрсететін банкпен интеграция аясында қаржыларды енгізу және есептен шығаруды адамның араласуынсыз жүзеге асыру мүмкіндігін беретін бағдарламамен қамту.

    100 миллион сумға дейінгі кепілсіз несиелер бойынша қайта қаржыландыру мөлшерлемелері күшіне енеді

    Шағын бизнесті үздіксіз қолдаудың кешендi бағдарламасы шеңберiнде 100 миллион сумға дейін кепілсіз шағын несиелер шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi тiркелген және жұмыс iстейтiн өңiрлердiң санатына байланысты шағын несие берушiлерге төменгі ставкаларда қайта қаржыландырылады, атап айтқанда:

    5-санатқа – 12,5%;

    4-санатқа – 13,5%;

    3 санатқа – 14,5%;

    2 санатқа – 17%;

    1- санатқа – 18%.

    Зергерлік бұйымдарды бақылаудың жаңа шаралары белгіленді

    Осылайша, шетелде жасалған және кедендік төлемдерді төлегенін растайтын құжаттарға ие болмаған зергерлік бұйымдарды көтерме сатуға және сатуға тыйым салынады.

    Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары және бағалы металдармен қапталған металдар лицензия бойынша экспортталатын арнайы тауарлар тізіміне енгізіледі.

    Электр энергияси учун тўловларни қабул қилишга чекловлар

    Сондай-ақ, Мемлекеттік түпнұсқалық деңгейін бақылау инспекциясының қорытындысынсыз зергерлік бұйымдардың жартылай фабрикаттарын Өзбекстанның кедендік аумағынан сыртқа алып шығуға тыйым салынады.

    Электр энергиясы үшін төлемдерді қабылдауға шектеулер

    Қоқыстармен жұмыс істеу қызметтері үшін төлемақы төленбеген жағдайда (электр энергиясын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесіне қосылмаған аумақтарды қоспағанда) абоненттерден электр энергиясы үшін төлемдерді қабылдауға уақытша шектеу қойылады.

    Ескі үлгідегі акциздік маркалы алкоголь мен темекі алып қойылады

    Салық және Кеден комитеттері ескі үлгідегі акциздік маркалы тауарларды анықтау және тәркілеуді бастайды.

    «Ең таза махалла» байқауы басталады

    Ноябрьден январьға дейін аудандар, облыстар және республикалық деңгейде «Ең таза махалла» байқауы өткізіледі, оның қорытындысы бойынша 14 жеңімпаз махалла марапатталады. Оларға Экология қоры есебінен қоқыс жинайтын орындар салуға, махалланың әлеуметтік нысандарға қоқыс жинайтын контейнерлер орнатуға, ағаш отырғызуға қаражат бөлініп отыр. Сондай-ақ, жеңімпаздарға қызмет көрсеткені үшін біреуден электромобиль беріледі.

    Ғимараттар энергия тиімділігіне тексеріледі

    Ауданы 200 шаршы метрден асатын ғимараттар мен нысандардың энергия тиімділігі санатын анықтау үшін «A», «В», «C», «D», «E», «F» және «G» санаттары енгізіледі.

    Мұнда «А» санаты ең жоғары энергия тиімділігіне ие ғимарат пен кешендерді лайықты түрде «G» санаты — ең төменді белгілеу үшін қолданылады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates