Енгізілген өзгерістерге орай, мемлекеттік орман шаруашылығы органдары орман қорының пайдаланылмай жатқан жерлерін жеке және заңды тұлғаларға электронды онлайн-аукцион арқылы жалға беру құқығы негізінде ұсынуы мүмкін екені белгіленді.
Экономикалық процесуалдық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерімен айналысу үшін берілген лицензиялардың (рұқсаттардың) жарамдылығы 10 күннен артық, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұру мүмкіндігі белгіленді.
Бұрын аталған лицензиялардың әрекетін 10 жұмыс күнінен артық мерзімге тоқтата тұру қарастырылған еді.
Сонымен қатар, «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар базалық есептік мөлшерлеменің кемінде 1 есесі көлемінде ерікті түрде әлеуметтік салық төлеуі белгіленді.
Бұрын бұл заңда аталған салық базалық есептік мөлшерлеменің 50 пайызынан кем болмауы тиіс деп белгіленген болатын.