Судья лауазымдарына кандидаттар Академияның кәсіби қайта даярлаудың алты айлық курстарында мемлекеттік грант негізінде сот мамандығы бойынша дайындау курстарынан өтеді.
Бұл ретте кәсіптік қайта даярлау курстарына қабылданған тұлғалардың негізгі жұмыс орны бойынша лауазымы сақталады, сондай-ақ әр айда судья көмекшісінің айлық жалақысы мөлшерінде стипендия төленеді.
Инвестициялық платформалар және "Тартибга солиш қумдони"
2026 жылдың 1 октябріне дейін "Тартибга солиш қумдони" арнайы құқықтық режимде инвестиция платформаларынан төмендегі бағыттарда пайдалануға рұқсат береді:
бағалы қағаздарды орналастыруда және реализациялауда;
венчурлық және пай қорларды қаржыландыруда;
коммандит шіркеттерге үлес қосуда.
Жер қойнауын пайдалануға рұқсат беру үшін бөліп-бөліп төлеу
Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық әдіспен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерге жер қойнауы учаскелерін пайдалану құқығына рұқсат қағазын беруге қатысты аукционда төлем ұсынылған соманы бөліп-бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі.
Жер учаскелерін аукционсыз жалға алу
Кәсіпкерлер өз ғимараттары мен кешендері жанындағы учаскелерді, соның ішінде мемлекеттік органдары мен ұйымдардың тұрақты пайдалануындағы жерлерді (білім беру және медицина мекемелерінің жанындағы учаскелерден тыс) жалға ала алады.
Жалға алу төмендегіше жүзеге асырылады:
аукционсыз – тікелей, егер жер учаскесі кәсіпкерлік нысанмен шекаралас болса;
бір күнтізбе жыл мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен;
жер салығы ставкасының 3 еселенген мөлшердегі жалдау ақысымен;
Мемлекеттік салық комитетінің бақылауындағы шарттарды тіркеудің электрондық жүйесі арқылы.
Іссапар есептері – бірыңғай платформада
Мемлекеттік қызметшілердің шетелдік және ішкі қызмет іссапарларын ұйымдастыру, есеп беру және талдау «hrm.argos.uz» электронды жүйесі құрамындағы "Xizmat safari" бірыңғай модулінде жүзеге асырылады. Мұнда:
Белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің тиімділігіне іссапарының тікелей, аралық және қорытынды әсерінің мониторингі жүргізіледі;
мемлекеттік қызметшілері әрбір шетелдік іссапардың қорытындысы бойынша есеп береді және есеп негізінде нәтижелілігі бағаланады.
Мемлекеттік сатып алу үшін сертификатталған жиһаз
Электрондық кооперация порталы мен мемлекеттік сатып алулар электрондық жүйелер операторларының «Ұлттық дүкен» беттерінде тек жергілікті өндірістік тауар туралы сертификаты бар жиһаз өнімдерін орналастыруға, және осы сертификаты бар кәсіпкерлік субъектілері саудаларға қатысуға рұқсат етіледі.
Зейнетақыны тағайындау және төлеу тәртіп-қағидаларын цифрландыру
«Халық банкі» АК-ның мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету және нақтылай зейнетақыны төлеуге қатысты қызметтері азаматтардың биометриялық идентификациясы (Face-ID) және электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы көрсетіледі. Бұл жағдайда:
Әділет министрлігі Зейнетақы қоры мен «Халық банкі» АК –ның электрондық сұрауы негізінде азаматтардың биометриялық идентификациясы бойынша ақпаратты тегін береді;
биометриялық идентификация негізінде көрсетілген қызметтерді енгізу үшін пайдаланылатын құрылғыларды сатып алуға байланысты шығындар Зейнетақы қоры мен «Халық банкі» АК есебінен қаржыландырылады.
Сондай-ақ, азаматтарға зейнетақы тағайындауда ісжүзіндік көмек көрсету, атап айтқанда, еңбек өтілі мен жалақысы туралы электронды ақпараттағы кемшіліктерді жою қызметі іске қосылады.
Ақ құмшекер – акциз салығынсыз
Өзбекстан Республикасының аумағына әкелінетін хош иістендіргіш және бояғыш қоспалары болмаған ақ құмшекерден акциз салығы алынып тасталады.
«Жасыл сертификат» кімге беріледі
Қоршаған ортаға әсер етудің I және II санаттарына жататын қызмет түрлері технологиялық үдерістері қолданыстағы «Жасыл сертификатқа» ие болуы тиіс.
Қолданыстағы «Жасыл сертификаттың» болуы Өзбекстанда өндірілген, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі міндетті расталуы қажет болған өнімдерге сәйкестік сертификатын беру міндетті саналады.
2026 жылдың июліне дейін технологиялық үдерістерді экологиялық сертификаттау бойынша келісім-шарт жасасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін сертификаттау жұмыстары тегін жүргізілетін болады.
Тауарларды кедендік ресімдеу – «Бір терезе» арқылы
Тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитке қатысты барлық сертификаттар, қорытындылар мен рұқсат құжаттары тек «Бір терезе» кедендік ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді.
Субсидиялар, гранттар – әлеуметтік карта арқылы
Кембағалдықты қысқарту мемлекеттік мақсатты қорының қаржылары есебінен азаматтарға ақша түрінде берілетін субсидиялар, гранттар мен ссудалар кезең-кезеңмен әлеуметтік карта арқылы берілетін болады.








